07.10.2014
Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді
Ертең Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.
07.10.2014
Қазақстан мен Сан-Марино ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі– СІМ
Бүгін ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сан-Марино Республикасы мемлекеттік сыртқы істер және саясат хатшысы (министрі) Паскаль Валентинимен келіссөз өткізді, деп хабарлайды ведомство.
07.10.2014
Иранда қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптің сауда миссиясы өтті
Тегеранда қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптің сауда миссиясы өтті, оған прокат, арматура, трансформациялық құрылғы, автоматтандыру жүйесі, ауыл шаруашылық техникасы, аммиакті селитра, медициналық бұйымдар өндіруші қазақстандық 10 кәсіпорын өкілдері енеді.
07.10.2014
Астананың үздік кәсіпкерлері анықталады
Астанада жыл сайынғы «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістігі үшін» байқауында елордалық іскерлер қауымының үздіктері анықталады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
07.10.2014
Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды –әкімдік
Қызылорда облысында созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа тұңғыш рет бүйрек трансплантациясы жасалды. Мұндай ота республикада осыған дейін үш облыста ғана жасалған. Облыс әкімі Қ.Көшербаев науқастың көңілін сұрап, сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.