08.10.2014
«Кітап - ең құнды сыйлық» акциясы аясында жасотандықтар қарттар үйіне 500-ден астам кітап табыстады
«Жастар – Отанға» жобасы шеңберінде «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының бастамасымен «Кітап - ең құнды сыйлық» атты қайырымдылық науқан өтіп, тегін негізде мүгедектер және қарттарға арналған үй-интернаттарының кітапханаларына кітап қорлары табыс етілді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
08.10.2014
Астанада Қазақстан мен Испанияның әскери-техникалық ынтымақтастығы талқыланды
Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігінің Төтенше және өкілетті Елшісі Мануэль Ларротча Парадамен Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты, оның ішінде әскери және әскери-техникалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
08.10.2014
2015 жылы Атырауда жасөспірімдер мен оқушылар сарайы салынады
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен «Шеврон» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсон Жасөспірімдер мен оқушылар сарайы іргетасының символикалық «алғашқы тасын» қалады.
08.10.2014
Қазақстанда су ресурстарын басқарудың гранттық бағдарламасы іске қосылды
Астанада Қазақстанның су ресурстарын басқару бойынша «Ғаламшар – біздің үйіміз» бағдарламасы басталды.
08.10.2014
Қ.Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті.