09.10.2014
Бітімгершілік жаттығулары басшылығы қазақстандық батальонының дайындығын жоғары бағалады – ҚМ
«Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының ротасы НАТО елдері және әріптес мемлекеттер қарулы күштерінің бөлімшелерімен бірлесіп БҰҰ стандарттары бойынша бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды өткізу рәсімін пысықтауға белсенді түрде қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
09.10.2014
ҚХА-ның 20 жылдығы әрбір қазақстандықтың мерекесі – Сәдуақасова (ВИДЕО)
2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Бұл күн әрбір қазақстандықтың мерекесі, дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлтаралық және дінаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
09.10.2014
2014 жылғы І тоқсанда Қазақстанға тартылған жалпы тікелей шетел инвестициясы 5,8 млрд АҚШ долларын құрады – ИДМ
2014 жылғы І тоқсанда Қазақстанға тартылған жалпы тікелей шетел инвестициясы (ТШИ) 5,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің ресми сайты.
09.10.2014
«Нұр Отан» Фракциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасын мақұлдады
«Нұр Отан» партиясы Фракциясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жиында мақұлдады.
09.10.2014
Қазақстандық делегация БҰҰ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенция Конференциясына қатысуда
6 қазанда БҰҰ Вена қаласындағы бөлімшесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенцияға мүше мемлекеттердің 7-ші Конференциясы өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға Конвенцияға мүше мемлекеттердің қылмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жауапты жоғарғы өкілдері қатысуда, деп хабарлады СІМ.