09.10.2014
2020 жылы қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі 100%-ға жетеді – С.Сәлемов
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, 2020 жылы қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі 100%-ға жетеді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов мәлімдеді.
09.10.2014
Қазақстан 2025 жылға қарай жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлауда – Байбек
Қазақстан 2025 жылға қарай жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлауда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан азаматтық альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
09.10.2014
Б.Байбек 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының басым бағыттарын атады
«Нұр Отан» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы басқарушы партияның саяси доктринасының құндылықтарына негізделген. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған Астанадағы дөңгелек үстелде мәлімдеді.
09.10.2014
15:00 – Е.Досаевтың қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
9-қазан күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болатын брифингке ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат ДОСАЕВ қатысады.Тақырыбы: «Ұлттық экономика министрлігінің жұмысы туралы».
09.10.2014
«Менің елім Мәңгілік ел» этнографиялық экспедиция мүшелері Ақтөбеге келді
«Менің елім Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық экспедиция мүшелері Ақтөбеге келді, деп хабарлады облыс әкімдігінде.