10.10.2014
Елбасы жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
10.10.2014
Қазақстан мен ЕО ДСҰ-ға кіру келісімі жобасы бойынша келіссөздерді аяқтады
Брифингтің алдында Нұрсұлтан Назарбаев және Ж.М.Баррозудың қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімінің жобасы бойынша келіссөздердің аяқталғандығы туралы құжатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжатқа қол қою рәсімі болып өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
09.10.2014
Астанадағы жәрмеңкеге Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан мың тонна өнім әкелінеді
2014 жылғы 11 қазанда Астана қаласы әкімдігі алдындағы орталық алаңда Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп қала әкімдігінде хабарлады.
09.10.2014
«Уақыт қайдан келеді» көрмесіне жүз шақты фотосурет қойылады
2014 жылдың 10-20 қазан аралығында елорда әкімдігінің қолдауымен Астанада «Уақыт қайдан келеді» көрмесі ұйымдастырылады, онда экватор бойымен Жер шары мен Солтүстік және Оңтүстік полюстердегі экспедицияда түсірілген жүз шақты фотосурет көпшілік назарына ұсынылады.
09.10.2014
«Астана Операда» бірінші Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалі мәресіне жетті
20 күн бойы елордалық театр сахнасында әлемдегі үздік өнер ордаларының прималары мен премьерлері, сондай-ақ опера жұлдыздары өнер көрсетті.