13.10.2014
Қызылорда облысында кедендік төлем 8 млрд-тан астам теңгені құрады
Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2014 жылдың 9 айында мемлекет бюджетіне 8 млрд. 618 млн. 505 мың теңге кеден баждары мен салықтарын түсірді. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды, деп хабарлады өңірдің кедендік бақылау департаменті.
13.10.2014
Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары екі ел ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 5-ші отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
13.10.2014
Ақмола облысында мектеп құрылысына 364 млн-нан астам теңге бөлінді
Ақмола облысының Ерейментау қаласында 200 орындық мектеп салынуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 364 млн 994 мың теңге бөлінді, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».
13.10.2014
Алматының Олимпиаданы өткізу бойынша өтініші салмақты – ХОК басшысы
Алматының 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу бойынша өтініші өте салмақты және бәсекеге қабілетті. Бұл туралы мегаполиске іс сапары аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлім етті.
13.10.2014
И.Тасмағамбетов Н.Назарбаевқа инвестжобалардың жүзеге асу барысы туралы мәлімет берді
И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.