15.10.2014
Парижде Астана күндері өтеді
Франция астанасы Парижде 31 қазан - 3 қараша аралығында Астана қаласының күндері өтеді. Тарихта Халықаралық көрмені алғашқылардың бірі болып өткізген мемлекет ретінде Франция Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мен ұйымдастыру бойынша өзінің тәжірибесімен бөліспек, деп елордалық әкімдіктен хабарлады.
15.10.2014
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуы өтеді
22-23 қазан күндері Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын халықаралық қатысушылардың алқалы басқосуы өтпек.Шараға Халықаралық көрмелер бюросының басшылары, ЭКСПО Комиссары секретариатының мамандары, сонымен қатар, әлемнің 70-тен аса мемлекетінің өкілдері қатысады.
15.10.2014
Көкшетауда онкологиялық емхана салынады
Көкшетауда онкологиялық емхана салынбақ. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин өңірдің денсаулық сақтау нысандарын аралау барысында мәлімдеді.
15.10.2014
С.Қайырбекова: Туберкулезбен күресте бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру керек (Фото)
Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекованың төрағалығымен селекторлық режімде туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі республикалық штабтың кеңейтілген отырысы болып өтті.
15.10.2014
Н.Назарбаев Ресей Патриархы Кириллді Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне шақырды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс бабындағы сапары аясында Мәскеу және күллі Ресей Патриархы Кириллмен кездесті.