15.10.2014
Жыл басынан бері Павлодар облысының бюджетіне 114 448,7 млн теңге түсті
Өткен 9 ай ішінде өңір бюджетіне 114 448,7 млн теңге түскен. Бұл биылғы жылға межеленген жоспардың 101,2% (113 054,5 млн. тенге) құрайды, түсімдер болжамы 1 364,2 млн. теңгеге артық орындады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
15.10.2014
Павлодар облысында 14 мыңнан астам оқушы «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке ие болды
Павлодар облысында жетінші жыл қатарынан республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіліп келеді.Осы жылы акция аясында 14 356 оқушы 127 млн 405 мың теңге көлеміндегі материалдық көмекке ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
15.10.2014
ШҚО-дағы силикатты кобальт-никель кен орнын игеру деңгейі 33 млрд теңгеге бағалануда
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстандағы ең ірі силикатты кобальт-никель рудасының «Горностаев» кен орны ашылады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
15.10.2014
Астанада бөлшек сауда айналымы 19,9 пайызға көбейді – Статистика департаменті
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 438693,9 млн. теңге құрады және 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 19,9%-ға көбейді, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
15.10.2014
Н.Назарбаев Түркі Академиясын құру туралы шартты ратификациялау заңына қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Түрік Академиясын құру туралы шартты ратификациялау» Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.