17.10.2014
11:00 – Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтың қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
17-қазан күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болатын брифингке Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысады.Тақырыбы: «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер мен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы».
17.10.2014
Швейцария Парламентінің депутаттары еліміздің «жасыл экономиканы» дамыту тәжірибесімен танысты -СІМ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму жөніндегі комитетінің Төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев және Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов құрамына кірген қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың Женева қаласында өтіп жатқан 131-ші Ассамблеясының жұмысына қатысуда.
17.10.2014
Н.Назарбаев пен Марк Рютте әр түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Президенті Миланда Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті.
17.10.2014
Қазақстан мен Германия көшбасшылары халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты
Мемлекет басшысы Миланға жасаған жұмыс сапары аясында Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17.10.2014
Еуропаның Азияға қысқа әрі қауіпсіз жолын қамтамасыз ететін Ұлы жібек жолын жаңғырту болып саналады – Н.Назарбаев
Миланда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитінің пленарлық сессиясына қатысты.