17.10.2014
Астанада 23-24 қазан күндері «Болашақтың энергиясы» халықаралық форумы өтеді
23-24 қазан күндері Астанада «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумы өтеді.
17.10.2014
Атырау облысында тауар өндірушілерді қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді
2012-2014 жылдар аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
17.10.2014
2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Франция Қазақстанға шамамен 3,5 млрд доллар инвестиция құйды – Рау
2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Франция Қазақстанға шамамен 3,5 млрд доллар инвестиция құйды, деп мәлімдеді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Астанадағы экономикалық ынтымақтастық бойынша 11-ші Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссия отырысында.
17.10.2014
Атырау облысында ЖҚЖК аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Атырау облысында 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 699 млн теңге бөлініп, 3 108 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
17.10.2014
Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне берілді
2014 жылдың 9 айында Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне беріледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.