17.10.2014
«Нұр Отанның» қоғамдық кеңесінің отырысында Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды
Астанада «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен партия жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңесінің (ЖІРҚК) кезекті отырысы өтуде. Онда Маңғыстау облысы аумағындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі қарастырылды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
17.10.2014
16 сурдоаудармашы елордалық ХҚКО-ға жұмысқа орналасады
Астанада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ХҚКО-да ауыр еститін жандарға сапалы қызмет көрсету және олардың театр, көрме, музейлерге бару мүмкіндігін ұсыну мақсатында ишарат тілінің аудармашылары – сурдоаудармашыларды дайындау курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды халықаралық «Бәйтерек» медиа-орталығы.
17.10.2014
Қарағандыда діни сауаттылықтың өзекті мәселелері талқыланды
Қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы дәстүрлі дін конфессиялары, дін істері жөніндегі өкілетті органдар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің колледж оқушыларымен «Діни сауаттылықтың өзекті мәселелері» атты кездесуін өткізді, деп хабарлады қала әкімдігі.
17.10.2014
«Алтай - біздің ортақ үйіміз» үйлестіру кеңесінің отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралады (ФОТО)
Өскеменде «Алтай - біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысу өтуде. Оның басты мақсаты үлкен алтайлық аймақта трансшекаралық жобаларды жүзеге асыру және төрт мемлекеттің алтайлық субъектілерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
17.10.2014
Атырау облысында жыл басынан бері 10 балабақша ашылды – әкім
2014 жылдың 9 айында Атырау облысында «Балапан» бағдарламасы бойынша 1075 орындық 10 балабақша пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.