17.10.2014
М.Ысқақов:ТЖ саласы қызметкерлерінің қиын жұмыстарының нәтижесі – құтқарылған адамдардың өмірі
Құтқарушы мамандығы дүниежүзіндегі әлеуметтік және қоғамдық орны ерекше мамандықтардың қатарында, себебі адам өмірін және мүлкін құтқарып қалу – ержүректік пен батылдықтың белгісі, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Астана қаласы ТЖД бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақов.
17.10.2014
Түркістанда ҚР Ұлттық инженер академиясының көшпелі мәжілісі өтуде
ОҚО-ның Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында ҚР Ұлттық Инженер академиясы Президиумының кеңейтілген көшпелі мәжілісі өтуде. Академия көшпелі отырысы өз жұмысына «Ғылымды, инновацияны, өндірісті интеграциялау - елдің тұрақты дамуының басты ресурстары» тақырыбын арқау етіп отыр.
17.10.2014
Сенат жаңа құрамның қатысуымен отырыс өткізді
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңа құрамдағы отырысы болды.
17.10.2014
«Бәйтерек» холдингі Алматының ескі үйлерін бұзу жобасына 10 млрд теңге инвестиция бөледі
Бүгін II Алматы инвестициялық форум аясында 2015 жылғы іскерлік байланыс жөнінде Алматы әкімдігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы арасында меморандум жасалды, деп хабарлады қала әкімдігі.
17.10.2014
Көкшетауда ЖҚЖК бағдарламасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облысындағы филиалдарында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтары бойынша» республикалық акциясы өткізілді, деп хабарлады партияның ресми сайты.