20.10.2014
Ұлттық қордан ШОБ-ті қолдауға бөлінген 100 млрд теңге игерілді – Қ.Бишімбаев
Өндірістік өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңге толық игерілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
20.10.2014
2015 жылы Астана-Париж бағытында тұрақты рейс ашу жоспарлануда
Екі елдің авиациялық биліктері Астана-Париж маршруты бойынша келесі жылғы көктемінде рейс ашуға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
20.10.2014
Мәжіліс төрағасы ресми сапармен Венгрияға барады
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов 20-21 қазанда ресми сапармен Венгрияға барады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
20.10.2014
Бразилияның «TV Globo» арнасы Қазақстан туралы репортаж жасады
Жуырда Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен португал тілінде хабар тарататын Бразилияның ең ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы эфирге Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж шығарды.
20.10.2014
Степногорск қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасына 3655,5 млн теңге бөлінді – әкімдік
2014 жылы Степногорск қаласында 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 3655,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.