21.10.2014
Ақтөбе қаласында пәтер алуға 5 минут ішінде 90 өтінім қабылданды – Самұрық-Қазына
20 қазанда сағат 10.00-де «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласында «Юнис Сити» ТК-ден сатып алу құқығымен жалдау арқылы пәтер алуға Интернет арқылы өтінім қабылдауды бастады.
21.10.2014
СҚО-ның Индустрияландыру картасына 5 жоба ұсынылды
СҚО-да тағы 5 индустриалды-инновациялық жоба Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мақұлданып, ҮИИД МБ екінші бес жылдығының Индустрияландыру картасына енгізілді, деп әкімдіктен хабарлады.
21.10.2014
Астанада Қазақстандағы жарық техникасы саласының келешегі мен келелі мәселелері талқылануда
Бүгін Астанада «Тиімді энергиямен жарықтандыру: Қазақстандағы жарық техникасы саласының келешегі мен келелі мәселелері» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
21.10.2014
Жаңа автокөліктер енді техникалық байқаудан өтпейді – ИДМ
20 қазанда «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заң коммерциялық емес автокөліктер үшін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің жаңа тәртібін қарастырған. Енді шығарылған жылын қоса алғанда, 4 жыл болған жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері міндетті қарап тексеруге жатпайды.
21.10.2014
10:00 - «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
21-қазан күні сағат 10:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болатын брифингке «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдин қатысады.