22.10.2014
ЭКСПО аумағында 40 шақты нысан бой көтереді – А.Марат
Бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы барысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ сәулет және құрылыс департаментінің бас менеджері Айдар Марат ЭКСПО көрмесінің бас жоспарын таныстырды.
22.10.2014
ШҚО-да бірегей спорт кешені жұмыс істеуде - Ақпарат орталығы
Өскеменде елімізде бұрын соңды болмаған спорт кешені жұмыс істеуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болашақ спорт қалашығын аралады, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.
22.10.2014
Жастардың ресурстық орталықтарына 2014 жылдың басынан бері 15 мың адам жүгінді
Жастардың ресурстық орталықтарына 2014 жылдың басынан бері 15 мың адам жүгінді, деп БҒМ жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Еркін Үйсімбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
22.10.2014
ЭКСПО-2017 тақырыбы үш саланы бірдей қамтиды -Т.Ермегияев
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің тақырыбы болып табылатын «Болашақтың энергиясы» мәселесі үш бірдей саланың дамуына қарқын бермек. Атап айтар болсақ, ол тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және энергетика тапшылығы мәселелері, деп мәлімдеді бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуінде.
22.10.2014
«ЭКСПО-2017» көрмесіне 5 млн-ға жуық адам келеді деп күтілуде – Р.Жошыбаев
Шараға 100-ден астам мемлекет пен халықарылық ұйым қатысады деп күтілуде. Келетін қонақтардың саны болжам бойынша 5 млн-ды құрамақ, деп мәлімдеді бүгін Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуінде.