30.10.2014
«Тіл – татулық тірегі» байқауында Мемлекеттік күзет қызметі жеңіске жетті
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Бас прокуратураның бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқауы өтті.
30.10.2014
Бейжіңде ҚР мен ҚХР үкімет басшыларының екінші кездесуін өткізу жайы талқыланды – СІМ
Бейжіңде Қазақстан-қытай сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар және Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитеттің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 7-мәжілісінде осы жылдың жылдың желтоқсанда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцяннің Қазақстанға ресми сапары және ҚР мен ҚХР үкіметтері басшыларының 2-ші тұрақты кездесуін дайындау бойынша мәселелерді талқылады.
30.10.2014
Қарағандыда 739 бала қамқоршылардың отбасында тәрбиеленуде – әкімдік
Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы бойынша 739 бала қорғаншылармен қамқоршылардың және патронаттық тәрбиешілердің отбасында, деп хабарлады қалалық әкімдік.
30.10.2014
Ақмола облысын дамыту бағдарламасына 9 инвестжоба енгізілді
2011-2015 жылдарға арналған Өңірді дамыту бағдарламасына Ақмола облысының тоғыз инвестициялық жобасы енгізілді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
30.10.2014
15:00 - ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына арналған брифингтің онлайн көрсетілімі
30 қазан күні сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің қатысуымен брифинг өтеді.Брифинг «Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстары» деген тақырыпқа арналады.