30.10.2014
ЕО бағдарламасы технология мен білімді беру арқылы мемлекет әлеуетін арттыруға бағытталған– Лаврофф (ВИДЕО)
Құқық үстемдігі мен тиімді мемлекеттік басқару бойынша Еуропалық Одақтың бағдарламасы технология мен білімді беру арқылы мемлекет әлеуетін арттыруға бағытталған, деп мәлімдеді бүгін ҚР-дағы ЕО үкіметінің техникалық қолдау бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің әділет министрлерінің төртінші конференциясында.
30.10.2014
72 жоба ҮИИД МБ-2 аясында шығаратын өнімі бойынша бағаланады
Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемелкеттік бағдарламасы аясында 72 жоба шығарылатын өнімі бойынша бағаланады. Бұл туралы бүгін Strategy 2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешов мәлімдеді.
30.10.2014
Қазақстанда ҚХА жанынан 1 мыңнан астам қоғамдық келісім кеңесі құрылды
Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 1035 қоғамдық келісім кеңесі құрылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Назипа Шанаи.
30.10.2014
«Даму» қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Байқоңырда өтіп жатқан 4-ші инвестициялық форумда «Даму» қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қор.
30.10.2014
Инвестициялық форум қатысушылары Байқоңырдың ғылыми-техникалық кешеніне барды
«Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы облыстың жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында өтіп жатқан ІV Байқоңыр инвестициялық форумға қатысушылар ғылыми-техникалық кешенге барды, деп хабарлады әкімдік.