05.11.2014
Семейде жыл соңына дейін 3 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме ашылады
Семейде жыл соңына дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 305 орынға есептелген 3 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарлануда, деп Ақпараттық орталықтан хабарлады.
05.11.2014
Н.Назарбаев аграрлық университеттер деңгейін көтерудің маңыздылығын атап өтті
Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады. Кездесу барысында Т.Есполов Мемлекет басшысына университеттің қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты өз ойларын айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
05.11.2014
2016 жылы Қазақстанға Пржевальский жылқылары әкеліне бастайды -АШМ
2016 жылдан бастап аталмыш жылқы түрлері елімізге әкеліне бастайды, деп бүгін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және табиғатты қорғау комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Өстеміров «Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің он жылдық қызметіне арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.
05.11.2014
Мемлекеттік саясаттың негізі – дұрыс салық жүйесі – Қ.Жақыпов
Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов салық салу мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда талқылау барысында бірқатар маңызды жайттарға көңіл бөлді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
05.11.2014
ҚХА ҒСК ғылыми-оқыту базасы ретінде 2 алаң жұмыс істейді - Калашникова (Брифинг бейнебаяны)
Ғылыми-сараптама кеңесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алаңдарында іске асырылады. Бұл туралы бүгін ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Наталья Калашникова мәлімдеді.