10.11.2014
ШҚО-да «Қан тапсыр, өзгеге өмір сыйла» эстафета-акциясы басталды
Семей қаласының оқу орындарында «Жас Отан» ЖҚ-ның бастамасымен «Қан тапсыр, өзгеге өмір сыйла» эстафета-акциясы басталды, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлады.
10.11.2014
Астанада ТМД елдерінің халқын әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Астанада Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің Консультативтік кеңесінің XXVII отырысы өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
10.11.2014
Н.Назарбаев КО арқылы ветеринарлық-санитариялық бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомбиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
10.11.2014
ҚР-да республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасақтау бойынша ереже бекітілді
«Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 16 қыркүйегінде №871 «Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті жасақтау бойынша ережеге» толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы» Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды, деп Ақорданың ресми сайты хабарлады.
10.11.2014
Standard Poor's «KEGOC» АҚ рейтингі бойынша болжамын «Жағымды» деңгейіне көтерді
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ (бұдан былай – «KEGOC» немесе «Компания») жетекші халықаралық рейтингілік агенттіктердің бірі Standard & Poor’s Компанияның ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «ВВ+» деңгейінде бекіте отырып, KEGOC-тың рейтингі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне көтергенін хабарлайды.