11.11.2014
2014 жылы салықтық декларацияның 94%-ы электронды түрде берілді – Ерғожин
2014 жылы салықтық декларацияның 94%-ы электронды түрде берілді, осы жағынан Қазақстан АҚШ-тан да озып кетті, деп мәлімдеді бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
11.11.2014
«Нұр Отан» партиясы 2017 жылға дейінгі мақсаттардың 70 пайызын орындады – Н.Назарбаев
«Нұр Отан» партиясы екі жарым жыл ішінде 2017 жылға дейінгі мақсаттардың 70 пайызын орындады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
11.11.2014
Cингапурда ЭКСПО-2017 талисманы «Тенгри мен Бөрі» таныстырылды
Сингапурда Қазақстан Елшілігімен және «Asian Geographic» журналымен ұйымдастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдаған флешмоб өткізілді, деп хабарлады СІМ.
11.11.2014
«Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер енгізді
«Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер мен өзгертулер енгізді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева.
11.11.2014
Б.Сағынтаев: ҮИИД МБ аясында 69 мың тұрақты жұмыс орны ашылды
ҮИИД МБ бірінші бесжылдығында 650 жоба жүзеге асырылып, 69 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, деп мәлімдеді ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.