13.11.2014
Қарағанды облысында электр энергиясын үнемдеу үшін 1 млрд-тан астам теңге бөлінді
Қарағанды облысында электр энергиясын үнемдеу шаралары үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Энергияны үнемдеу - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған келелі кеңесте энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Сергей Касимов мәлім етті.
13.11.2014
Елбасының «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саяси бағыты – елдігіміздің ертеңі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жылдағыдан ерте жариялады. Ерте жариялау себебі, 2007 жылы басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс әлі де созылуда, оның салдары барлық мемлекеттерге саяси-экономикалық әсерін тигізуде. Бүгін«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті, деп мәлімдеді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ директоры Қарлығаш Дүбірбекова.
13.11.2014
ІІМ қысқы кезеңде ТЖ-ны жоюға бағытталған дайындық деңгейін тексерді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қыс 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлады ТЖ комитеті.
13.11.2014
Түркия Қазақстанда спорт индустриясын дамыту үшін 20 млн долларға дейін инвестиция құюға дайын - МСМ
Түркия Қазақстанда спорт индустриясын дамыту үшін инвестиция құюға дайын, - бұл туралы Астана қаласында «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастырған Түркиядан келген әлеуетті инвесторлармен өткен ресми кездесуде айтылды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
13.11.2014
Е.Тоғжанов: Мемлекеттің басқару корпусының 50%-ы әйелдер
Мемлекеттің басқару корпусының 50%-ын әйелдер құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Ералы Тоғжанов Астанадағы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бірінші республикалық форумында.