17.11.2014
Қазақстан мен Румыния қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Румынияға сапары барысында осы елдің Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Симона-Майя Теодороюмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
17.11.2014
«Нұрлы Жолдың» барлық жеті бағытын іске асыру жаңа кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарын ашуға мүмкіндік береді – Садуақасов
Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасовтың төрағалығымен өткен облыс активінің жиынында «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру жайы талқыланды, деп хабарлайды әкімдік.
17.11.2014
15:00 - ҮИИДМБ аясында инновацияға қолдау көрсету тақырыбындағы брифингтің онлайн көрсетілімі
17-қараша күні сағат 15:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҮИИДМБ аясында инновацияға қолдау көрсету» тақырыбында брифинг өтеді.
17.11.2014
Президенттің қолдауы бізге жетістікке жетуге және алға ұмтылуға септігін тигізуде - Габидуллина (ФОТО)
Президенттің қолдауының арқасында біз спортпен айналыса аламыз, алға ұмытылып және жетістікке жете аламыз, деп ағынан жарылды ОКҚ өткен брифингте паралимпиадалықтардың ішінде жүзу бойынша әлем чемпионы және әлемнің екі дүркін рекорд орнатушысы Зульфия Габидуллина.
17.11.2014
Дене шынықтыру және спорт туралы заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді – Есентаев
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында алғаш рет дене шынықтыру және спорт туралы заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мәлімдеді.