18.11.2014
Елбасы Жолдауында қазіргі таңдағы геосаясаи және геоэкономикалық ахуал ескерілген
«Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінде Елбасы – Н.Ә.Назарбаев күтпеген жерден 19-ші рет Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жария етті. Жолдау әрқайсымызға жаңа бағыт, жаңа міндет пен талаптар жүктеді, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәбит Мұқанов.
18.11.2014
«Нұрлы жол» — әрбір қазақстандықтың мағыналы да, мазмұнды өмір сүруін қамтамасыз ететін құжат
Жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» атты Жолдауында мемлекет дамуының барлық аспектілерін назардан тыс қалдырмаған, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттермен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Әлібек Қаратаев.
18.11.2014
ҰҚШҰ елдерінің 130-дан астам әскери қызметшісі Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда
Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мелекеттердің әскери оқу орындары мен ғылыми ұйымдары осы Ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамытуда маңызды орынға ие болып келеді.Бұл туралы Екатеринбургте өткен ҰҚШҰ Әскери кеңесінің отырысында сөз болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
18.11.2014
10:00 – Аграрлық университет өкілдерінің қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
Бүгін, 18 қараша сағат 10:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне С.Сейфуллин атындағы ҚАУ профессоры, техникалық ғылымдар докторы Жәдігер Есхожин мен профессор, техникалық ғылымдар кандидаты Ибрагим Тағанбаев қатысады.
18.11.2014
ҚР елшісі ОАР Ұлттық Ассамблея спикерімен «Нұрлы Жол» Жолдауын талқылады
ОАР-дағы ҚР елшісі Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Республикасы Ұлттық Ассамблеясы (Парламенттің төменгі палатасы) спикері Балека Мбатемен «Нұрлы Жол» Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ.