19.11.2014
Қазақстан «Метал-Экспо 2014» көрмесінде 5,3 млн доллардың келісіміне қол қойды
Қазақстан халықаралық өнеркәсіптік «Металл-Экспо 2014» 20-шы мерейтой көрмесінде 5,3 млн доллардың келісіміне қол қойды, деп хабарлайды KAZNEX INVEST.
19.11.2014
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Enactus World Cup 2014 сайысында үшінші орын алды
Пекинде ENACTUS бағдарламасы аясындағы әлемдік сайыстар аяқталды. Бұл дүниежүзінің 36 елінің студенттерінің басын қосатын халықаралық студенттер қозғалысы үшін елеулі оқиға болды. Бұл жолы Қазақстан мүддесін Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті қорғады. Біздің студенттер АҚШ, Франция, Бразилия, Жапон, Гана, Тунис, Сингапур сияқты елдерді артқа тастап, өз Лигасында жүлделі 3 орынды иеленді.
19.11.2014
Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік ел баянды болу үшін Нұрлы жол даңғылы бойында аянбай еңбек ету - профессор
Өркениеттілікке қол созған қандай да бір халық болмасын ертерек даму жолын таңдап алғаннан кейін, қарқындап көркеюдің басты шарты инфраструктура мәселесіне жете көңіл бөлу қажет. Сондықтан Елбасы қазіргі жағдайға байланысты кезекті Жолдауын уақытынан ерте жариялады, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті профессоры Т.Жаңақұлов.
19.11.2014
Астанада қазақстандық ғылымның өзекті проблемалары талқыланады
Астанада «Қазақстан және Орталық Азия халықтарының материалды емес мәдени мұрасын зерттеу қиыншылықтары: топонимика, эпиграфика, өнер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында қазақстандық ғылымның өзекті проблемалары талқыланады.
19.11.2014
Сенат Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасын нығайту туралы заң жобасы қаралды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.