19.11.2014
Мәжіліс 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады
Мәжілістің жалпы отырысында 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
19.11.2014
Есеп комитеті қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етеді - Жаңбыршин
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдаулары еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде маңызды оқиға болып саналады, деді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.
19.11.2014
Ақордада трансшекаралық өзендерді қолдану мәселелері талқыланды
Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
19.11.2014
Е.Досаев: ШЫҰ сыртқы экономикалық қызметінің қорытындысы Астанадағы үкімет басшылары кеңесінде таныстырылады
Желтоқсан айында Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінде ұйымның сыртқы экономикалық қызметінің қорытындысы туралы есеп беріледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сыртқы экономикалық қызметке жауап беретін министрлерінің 13-інші жиынында.
19.11.2014
Атыраудың жұмыс берушілері мамандарды дайындау үрдісімен танысты
Атырау қаласындағы Өңіраралық кәсіби кадрларды дайындау және қайта дайындау орталығында жұмыс берушілер үшін Ашық есік күні өткізілді, деп хабарлады «Кәсіпқор» Холдингі.