20.11.2014
Қазақстан БҰҰ азаптауға қарсы Комитетінде кезекті баяндамасын қорғады - СІМ
Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің 53-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын орындауы бойынша Үшінші кезекті баяндамасының қорғауы өтті, деп хабарлады СІМ.
20.11.2014
Нұрлы жол - жарқын болашақ үшін таңдалып алынған қажетті мақсат-міндеттердің жиыны
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдау арқылы Ел Президенті мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Бұл Жолдауды нақты істерге негізделген ел дамуының жаңа экономикалық стратегиясы ретінде қабылдап отырмын, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал и К» ТС директоры Абзал Ералиев.
20.11.2014
Атырауда мамандарды дайындау бойынша ресурстық орталықтар құрылады -ҰКП
Атырауда осы жылдың соңына дейін индустриялды колледж бен энергетика және құрылыс колледжі базасында жұмыс мамандарын дайындау бойынша ресурстық-технологиялық орталықтар құрылады, деп хабарлады ҰКП.
20.11.2014
«Нұрлы жол»– әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру жолындағы ғаламдық қадам – Таушанбаев
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат – әлемнің 30 дамыған елдің қатарына кіру жолдағы ғаламдық қадам, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Қазақстан Елім» ЖШС директоры Қуан Таушанбаев.
20.11.2014
10:00 - Қазақстанда ерікті донорлықты дамыту туралы брифингтің онлайн көрсетілімі
20-қараша күні сағат 10:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда ерікті донорлықты дамыту туралы» брифинг өтеді.