20.11.2014
Лондонда Қазақстан-Британ іскерлік кеңесін құру мәселелері талқыланды
Ұлыбританияға (Лондон) жұмыс бабындағы іс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. Ұлыбританияның сауда және инвестициялар министрі Лорд Йан Ливингстонмен кездесуде тараптар Қазақстан-Британ іскерлік кеңесін құру мәселесін талқылады, деп хабарлады ұлттық компания.
20.11.2014
Қазақстандық құтқарушылар «Нұрлы жол» Жолдауын талқылауда
Қазақстан өңірлерінде ТЖ қызметкерлері ҚР Президентінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тұжырымдамасын талқылауда, деп хабарлады ТЖ комитеті.
20.11.2014
А.Идрисов: Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық нұсқасы пионерлік бағдарламаның бірі
Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық бағдарламасы пионерлік бағдарламаның бірі, деді «Strategy Partners» Президенті Александр Идрисов.
20.11.2014
Ақтаудың әуежайы ISAGO стандартына сәйкестігі жөніндегі аудиттен сәтті өтті
Тексеріс қорытындысы бойынша әуежайға ISAGO сертификаты берілетін болады. Соған сәйкес оған әлемнің жетекші авиакомпанияларымен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік ашылады, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.
20.11.2014
А.Күлсейітов: Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп ТШИ тартылды
Қазақстанда Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының (ҮИИД МБ) алғашқы бесжылдығында Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылды, деп хабарлады «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов.