22.11.2014
Астанада Қазақстан азаматтығына қабылдау мәселелері қаралды
Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22.11.2014
ҚР мен АҚШ мемқызмет моделін жетілдіру саласында ынтымақтастық құрады
Қазақстан АҚШ-пен халықаралық ынтымақтастық аясында мемлекеттік қызмет моделін жетілдіруді талқылау бойынша келіссөздер сериясына қатысты. Аталмыш келіссөздердің нәтижесі ретінде ҚР Мемлкеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік пен АҚШ-тың Қызметкерлерді басқару кеңсесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның қабылдануын айтуға болады.
21.11.2014
Нұрлы жол – мақсатқа жетер жолда бірігіп еңбек етуге үндейді
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауы - еліміздің даму стратегиясын, басым бағыттары мен болашағын айқындайтын басты құжат. Елбасы Жолдауын мен де өзге қазақстандықтар тәрізді үнемі күтіп, теледидар арқылы қарап, баспасөзден оқып, сараптап жүремін, деді Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Таубатыров.
21.11.2014
Астанада Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Польшаның Министрлер Кеңесі Төрағасының Орынбасары, Экономика министрі Януш Пехочиньскимен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомство.
21.11.2014
Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар – Сұлтанова (ВИДЕО)
Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар, деп мәлімдеді ҚР Әділет министрлігі баспасөз хатшысы Сандуғаш Сұлтанова «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы ғаламтор ресурстарының маңыздылығы» атты мемлекеттік орган өкілдеріне арналған дөңгелек үстелден кейін берген сұхбатында.