24.11.2014
ОҚО-да 5 жыл ішінде 308 денсаулық сақтау нысаны ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жылда 308 денсаулық нысаны салынды, оның ішінде 261 бастапқы медициналық көмек көрсету мекемесі, 10 емхана, 56 дәрігерлік амбулатория, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмаилов атқарылған жұмыстар жөнінде журналистерге берген баспасөз маслихатында мәлімдеді.
24.11.2014
ҚР Қарулы Күштерінің 600-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Оқу орталығында биыл күзде әскер қатарын толықтырған 600-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
24.11.2014
Е.Бахмутова: «Самұрық-Энерго» АҚ акциялары 2015 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасына шығарылады
«Самұрық-Энерго» АҚ акциялары 2015 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасына шығарылады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова ҚР Парламенті Сенатының отырысында.
24.11.2014
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Чехия 500 млн доллардың бірқатар меморандумы мен келісімін жүзеге асырады
Қазақстан мен Чехия 500 млн доллардың бірқатар меморандумы мен келісімін жүзеге асырады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Чехия бизнес-форумында мәлімдеді.
24.11.2014
Қазақстандағы түрік инвестицияларының көлемі 1,9 миллиард долларды құрайды
Қазақстандағы түрік инвестицияларының көлемі 1,9 миллиард долларды құрайды, деді Түркия экономика министрінің орынбасары Аднан Йылдырым Астанадағы Қазақстан-Түркия бизнес-форумында.