26.11.2014
15:00 – «Нұрлы жол» аясында энергетикалық инфрақұрылымның дамуы туралы брифингтің онлайн көрсетілімі
Бүгін, 26 қараша, сағат 15:00 ОКҚ ««Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында энергетикалық инфрақұрылымның дамуы» тақырыбында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтың қатысуымен брифинг өтеді .
26.11.2014
Азаматтық және мемқызметкерлердің кейбір санаттарына еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі-Перепечина (Фото)
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Оны қаржыландыруға 2015 жылы 157 млрд теңге, ал алдағы үш жылға 719 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина.
26.11.2014
Қазақстандық инвестицияның 65%-ы Нидерланды арқылы өтеді
Қазақстандық инвестицияның 65%-ы Нидерланды арқылы өтеді, деп ағынан жарылды «Қазмұнайгаз»ҰК»АҚ Топтық орталық бойынша басқарма төрағасы Данияр Берлібаев.
26.11.2014
Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы комиссия бақылайтын болады – Ахметов
Елбасының Жолдауында айтылғандай, квазимемлекеттік секторды дамытуға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын осы мақсатта арнайы құрылған комиссия бақылайтын болады, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы Рашит Ахметов.
26.11.2014
Қазақстандық және ресейлік жазушылар Мәскеуде бас қосты
Мәскеуде РФ-дағы ҚР елшілігінің бастамасымен «Литературная газета» ықпал етуінің арқасында Қазақстан мен Ресейдің шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.