28.11.2014
Елбасы «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне сәйкес және 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет параметрлерін ескере отырып әзірленген «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.11.2014
Н.Назарбаев салық салу заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы салық саясатын жақсартуға, жағымды кәсіпкерлік ортаны және еліміздің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.11.2014
Н.Назарбаев ҰҚК төрағасымен лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылады
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.11.2014
Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтті
Тұңғыш Президент Күні қарсаңында партияның барлық филиалдарында «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтуде, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
28.11.2014
СҚО-да 128,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі шығарылды
СҚО-да осы жылдың 10 айы бойынша 128,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі шығарылды, оның физикалық индекс көлемі 103,5 пайызды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.