28.11.2014
А. Сәрінжіпов: 2017 жылы 70 млрд теңгеге 67 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған
2017 жылы қосымша қаржы есебінен апатты мектептердің орнына және үш ауысымды оқытуды жою үшін 70 млрд теңгеге 67 мектептің құрылысы жоспарлануда, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жолдауын жүзеге асыруға арналған Алқа отырысында.
28.11.2014
СҚО-да Индустрияландыру картасының 29 жобасы жүзеге асырылды
Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облысынан 31 жоба енгізіліп, оның 29-ы жүзеге асырылды.
28.11.2014
Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің Елбасына деген құрметі жоғары - Хаяти Түфекчиұлы
Мен Қазақстан Президенті туралы көп ізденіп, өз бетімше зерттеу жасадым. Сонда байқағаным, Қазақстанда жергілікті барлық ұлт өкілдерінің Елбасына деген құрметі жоғары, деп мәлімдеді бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған Астана әлеуметтану форумында Стамбул университеті ректорының кеңесшісі, профессор, әлеуметтану ғылымдарының докторы Хаяти Түфекчиұлы.
28.11.2014
Ақтөбе облысында құны 150 млн доллар болатын газ құбырының электростанциясын кеңейтеді
Биылғы жылы Ақтөбе облысында құны 150 млн доллар қуаты 160 МВт болатын газ құбырының электрстанциясын кеңейту аяқталады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
28.11.2014
Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар мен өзге іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.