04.12.2014
Барселонада «Транстелеком» мен Hewlett-Packard стратегиялық ынтымақтастығы талқыланды (ФОТО)
Бүгін жыл сайынғы HP Discover Barcelona 2014 халықаралық көрме конференциясында «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Нұрәлі Әлиев Hewlett-Packard (HP) корпорациясының Басқарма төрағасы Мэг Уитменмен және Орталық және Шығыс Еуропа бойынша HP өндірістік тобының бас менеджері және вице-президенті Герберт Растбихлермен кездесті, деп хабарлады transtelecom.kz.
04.12.2014
Мәжілісте әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жетілдіру бойынша заң жобасы таныстырылды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметті автоматтандыру мен оңтайландыру мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы таныстырылды.
04.12.2014
А.Баталов: Ғылым ауыл шаруашылығының тәжірибесінде қолданылуы тиіс
Ғылым ауыл шаруашылығының тәжірибесінде қолданылуы тиіс, деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған шарада.
04.12.2014
Энергетика министрлігі 2015 жылдың мамырында Мәжіліске «Жасыл экономика туралы» заңды енгізеді
Энергетика министрлігі 2015 жылдың мамырында Мәжіліске «Жасыл экономика туралы» заңды енгізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылмалы қуат көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова Астанадағы «GREENBUILD EURASIA 2014» халықаралық конференциясында мәлімдеді.
04.12.2014
12:00 - Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету туралы өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
4 желтоқсан күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаевтың қатысуымен брифинг өтеді.Брифинг тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету шаралары туралы».