04.12.2014
Қ.Мәми сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Алматы қаласында сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
04.12.2014
«Самұрық-Қазына» 2015 жылы «жасыл құрылыс» ұлттық стандарттарын дайындайды
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2015 жылы «жасыл құрылыс» ұлттық стандарттарын дайындауға кіріседі, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ инновациялық даму және қазақстандық қамту департаментінің директоры Мархабат Балғабай.
04.12.2014
Ақмола облысында жас мамандарға арналған 8 үй салынды
Целиноград ауданы Родина ауылында «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған сегіз үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
04.12.2014
ЕЭК КО т/ж техникалық регламенттерінің мемлекетаралық стандарттарын дайындау бағдарламасын мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа отырысында техникалық реттеу, интеграция және макроэкономика, сауда, экономикалық және қаржылық саясат, кедендік ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.
04.12.2014
Жаңа заң жобасы бір өтінішпен екі мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік береді
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы тұтынушының бір өтінішпен ғана екі мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.