09.12.2014
Елбасы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
09.12.2014
Қазақстан тәуелсіздік жылдары адам құқығын қорғау бойынша 60-тан астам келісімге қол қойды - Мемлекеттік хатшы
Қазақстан тәуелсіздік жылдары адам құқығын қорғау бойынша 60 астам келісімге қол қойды, деп хабарлады ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелде.
09.12.2014
Павлодарда 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Павлодарда 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілген үйдің 119%, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.
09.12.2014
Қазақстандық теңізшілер АҚШ-тағы «Ньюпорт» әскери-теңіз басында болды
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери-теңіз базасы орналасқан Ньюпортта (Род Айлэнд штаты) ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Аға старшиналар құрамының академиясында, жергілікті әскери-теңіз колледжінде, жауынгерлік кемелер мұражайында болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
09.12.2014
ОҚО-да ҮИИД МБ аясында шифер зауыты мен гофрокартон өндіретін зауыт ашылды
Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Шымкентте екі жаңа кәсіпорын іске қосылды. Оның бірі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Tectum Enjineering» ЖШС-нің шифер зауыты болса, екіншісі - «KazBioLife» ЖШС-нің гофрокартон өндіретін зауыты, деп хабарлады облыс әкімдігі.