10.12.2014
Сенат комитетінде тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға енген түзетулер қаралды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
10.12.2014
Италия ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырылды
9-10 желтоқсанда ЭКСПО-2017 Комиссары –ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев басқарған қазақстандық делегация Италия Республикасы мен Ватикан Мемлекетінде жұмыс сапарымен болды.
10.12.2014
Стокгольмда Швеция-Қазақстан іскерлік кеңесінің тұсаукесері өтті - СІМ
Жуырда Стокгольмда Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің қолдауымен жақын арада құрылған Швеция-Қазақстан іскерлік кеңесінің (Sweden-Kazakhstan Business Council) тұсаукесері өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
10.12.2014
Табиғи монополиялар туралы заң жобасы кәсіпкерлік қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайтады – ҰЭМ
ҚР Парламент Мәжілісінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады ведомство.
10.12.2014
Премьер-Министрдің орынбасары «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл туралы V шақырылған ШҚО ХХІV сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.