11.12.2014
ҚР мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуда - СІМ
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанындағы Вашингтонға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен Стратегиялық серіктестік бойынша екіжақты комиссияның жыл сайынғы 3-ші отырысын өткізді, деп Сыртқы істер ведомствосынан хабарлады.
11.12.2014
Нгуен Ван Минь: ҚР Президентінің негізігі бастамалары- қазіргі жаңа ғаламдық қауіп-қатерге дер кезіндегі жауап
Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Абай атындағы мәдени және ғылыми орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған іс-шара өтіп, сондай-ақ Елбасының «Ұлытау төріндегі ой-толғау» атты сұхбатындағы негізгі тезистерімен таныстыру орын алды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
11.12.2014
Қ.Жақыпов: Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктесі болып есептеледі
Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктесі болып есептеледі, деді Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нгуен Ван Хаомен кездесу барысында, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
11.12.2014
ҚХР-да Қазақстан - Қытай қарым-қатынасын дамыту туралы меморандумға қол қойылды
Қызылорда облысының делегациясы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Қытайға барды. Аймақ басшысы Нинся автономды ауданының губернаторы Лю Хуэймен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
11.12.2014
«Бәйтерек» ұлттық холдингі ШОБ-ті дамытуға 100 млрд теңге бөледі
«Бәйтерек» ұлттық холдингі мен «Даму» қоры өңдеуші өнеркәсіпте шағын және орта кәсіпкерліктерді құруға 50 млрд теңге орналастыру туралы банктермен несиелік келісімге қол қойды.