15.12.2014
Қазақ тілі Google -аудармашы қызметіндегі 90 тілдің біріне айналды
Қазақ тілі әлемде 500 млн тұтынушысы бар Google-аудармашы жүйесіндегі 90 тілдің біріне айналды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Wikibilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы.
15.12.2014
Әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ие болды (Фото)
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қасаңында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамын Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы тарихындағы айтулы күнмен құттықтап, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
15.12.2014
Елордада «Тәуелсіздік шежіресі» тарихи-деректі еңбектің 10 томының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23-жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50-томдық тарихи-деректі еңбектің кезекті 10 томының тұсаукесері өтті, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
15.12.2014
М.Ысқақов: Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің дамуының берік негізі
Тәуелсіздік – бұл бостандық пен бірліктің символы, мемлекетіміздің дамуының берік негізі болып табылады, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ҚР ІІМ ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақов.
15.12.2014
Ли Кэцян: Қытай ШЫҰ аясында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасау үшін 50 млн доллар бөлуге дайын
Қытай ШЫҰ аясында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасау үшін 50 млн доллар бөлуге дайын. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлімдеді.