18.12.2014
«Самұрық-Қазына» АҚ Қор компаниялар тобының өмірлік деңгейін тексеру бойынша ойталқы семинарын өткізді
«Самұрық-Қазына» АҚ өзгерту бағдарламасы аясында компанияда топ менеджерлер мен мемлекеттік органдар басшыларының арасында ойталқы семинары өткізілді. Үш күнге созылған семинар Ицхак Адизестің әдістемелігі бойынша Қор компаниялар тобының өмірлік деңгейін тексеруге бағытталды.
18.12.2014
Астанада ШОБ субъектісі 6,7 пайызға көбейді
2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 %-ға өсті, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
18.12.2014
Атырау мен Хьюстон бауырлас қалалар ретінде қарастырылуы мүмкін – СІМ
Жуырда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров Техас штатының Хьюстон қаласына іс-сапармен барды.Іс-сапар барысында Қ. Омаров Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркермен кездесіп, Қазақстан мен Хьюстонның арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
18.12.2014
Астанада денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің 72,3%-ы бюджет есебінен жүзеге асты
Астана қаласы бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген негізгі қызмет түрлері бойынша қызметтердің көлемі 28378789,0 мың теңгені құрады, оның 72,3%-ы бюджет қаражаты есебінен, 13,6%-ы халықтан түскен қаражат есебінен, 14,1%-ы кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.
18.12.2014
2018 жылға дейін жұмысшы мамандықтары көбірек сұранысқа ие кәсіптердің қатарында – Сәрінжіпов
Қазақстанда жұмысшы мамандықтары 2018 жылға дейін аса сұранысқа ие болады, деп Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасай отырып хабарлады.