18.12.2014
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлу Қазақстандағы әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі болады – ҰЭМ
Бүгін Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп өткізген Қазақстандағы биліктің орталық деңгейі шолуының таныстырылымы өтті.
18.12.2014
Қарағандыда шетелдік ұстаздар отбасы мен мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты талқылады
Қарағандыда алғашқы рет «Мектеп. Отбасы. Мемлекет» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
18.12.2014
Қазақстан халқының саны 2014 жылы 217 мың адамға көбейді
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2014 жылдың қаңтар-қазанда туылғандар саны 338,2 (331,7) мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,5 мың адамға немесе 2% артты.
18.12.2014
2014 жылы қазақстандық бизнес 8 мың меморандумға қол қойды
2014 жылы қазақстандық бизнес құны 64 млрд теңгені құрайтын 8 мың меморандумға қол қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осылай мәлімдеді.
18.12.2014
Астанада білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтің 67,9%-ы бюджет есебінен жүзеге асты
2014 жылдың үшінші тоқсанында білім беру ұйымдары тарапынан негізгі қызмет түрлері бойынша 22201437,0 мың теңгеге қызмет көрсетілді, оның 67,9%-ы бюджет есебінен, 21,2%-ы халықтан түскен қаражат есебінен, 10,9%-ы кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.