23.12.2014
Қазақстандық әскери қызметшілер тұңғыш рет Берлиндегі мергендердің ашық халықаралық жарысына қатысты
Ресей Федерациясы Мәскеу облысының Ногинск ауданында капитан Владимир Николаевич Берлинді еске алу құрметіне арнайы мақсаттағы бөлімшелер мергендерінің ашық халықаралық жарысы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
23.12.2014
«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық көрмеге отандық бизнесті тартуда
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Павлодар облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол бойынша өңірдегі кәсіпкерлер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ат салысатын болады.
23.12.2014
Астанада шағын футбол бойынша «ЭКСПО-2017» кубогы ойнатылды
Қар үстіндегі шағын футбол бойынша жасөспірімдер командалары арасындағы алғашқы жарыс 20 желтоқсан күні Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Халықаралық мамандандырылған көрмені насихаттауға бағытталған спорттық сайыстарды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды.
23.12.2014
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылды
Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес – Ұлттық палатаның консультативтік-кеңесу органы. Кеңес Қазақстанда осы саланың дамуы үшін қажет шаралар кешенін дайындау, сараптамалық бағалау және өркендету үшін және мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттестігін үйлестіру үшін құрылды, деп хабарлады Ұлттық палата.
23.12.2014
Атырау облысы Томан ауылында 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік мекеме табиғи газбен қамтылды
Төрт жүзден астам тұрғыны бар Атырау облысының Томан елді-мекеніне ұзындығы 27 шақырым газ құбыры тартылған. Құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен жалпы құны 192,206 млн. теңге бөлінген болатын, деп хабарлады әкімдік.