24.12.2014
29 желтоқсаннан бастап Астана мен Қызылорда арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлайды. Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
24.12.2014
2014 жылы Мәдениет министрлігі діни мазмұндағы 8 мыңнан астам сайтқа сараптама жасады (ФОТО)
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істерінің комитеті биыл діни мазмұндағы 8 мыңнан астам сайтқа сараптама жасады, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы ОКҚ брифингінде.
24.12.2014
Г.Шойкин: Діни сауаттылық деңгейін арттыру аясындағы түсіндіру жұмыстарымен 1,5 млн қазақстандық қамтылды
Діни сауаттылық деңгейін арттыру аясындағы түсіндіру жұмыстарымен 1,5 млн қазақстандық қамтылған, деді ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ғалым Шойкин.
24.12.2014
Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген түзетулерді қабылдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.
24.12.2014
Ақтауда 16 құрылыс нысанының жобасы мақұлданды
Ақтау қаласының әкімдігінде сәулет және қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысына кеңеске мүше мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, кеңеске шақырылған құрылыс салушы ұйым басшылары (өкілдері), кәсіпкерлер мен жобалаушылар қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.