25.12.2014
ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған бағыттары туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
24.12.2014
ШҚО-да Аягөз өзені арқылы өтетін 100 млн теңгенің жаңа көпірі пайдалануға берілді (Фото)
Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесіне барар жолдағы Аягөз өзені арқылы жаңа көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
24.12.2014
Өскеменде Президенттік шыршаға қатысқан 200 баланың барлығына планшет сыйға берілді
Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына, оқу озаттарына және әр түрлі байқаулардың жеңімпаздарына арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша болып өтті. Шараға қатысқан 200 баланың барлығына планшет сыйға берілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
24.12.2014
ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын тойлау қазақстандық патриотизмді дамытуға үлесін қосады – Әбдіқалықова
ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын тойлау қазақстандық патриотизмді дамытуға үлесін қосады, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізуге арналған кеңейтілген отырыста ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.
24.12.2014
Б.Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шараларын қаржыландыруға ұлттық компанияларды тартуды тапсырды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізуге арналған кеңейтілген отырыста Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шараларын қаржыландыруға ұлттық компанияларды тартуды тапсырды.