25.12.2014
Қызылорда облысында Сырдария арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді (Фото)
Бүгін Елбасының қатысуымен «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» тақырыбында өткен жалпыұлттық телекөпірде Қызылордада көпір пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
25.12.2014
ШҚО-да болат құймаларын дайындайтын өндіріс іске қосылды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижесі» жалпыұлттық телекөпір аясында Шығыс Қазақстан облысында «ПОСУК Титаниум»БК» ЖШС болат құймаларын дайындайтын зауыт іске қосылды.
25.12.2014
С.Қайырбекова: Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру денсаулық сақтау жүйесі үшін басым бағыттардың бірі
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова Жамбыл облысына жұмыс сапары шеңберінде Тараз қаласында ана мен нәрестелер өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін жедел шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
25.12.2014
Қазақстанда сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» президенттік жүлдесі табысталды (ФОТО)
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларының жеңімпаздары анықталды. Лауреаттар мен дипломанттарды марапаттау дәстүрлі түрде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өтті.
25.12.2014
Қазақстанда 39,2 млрд. теңгенің 3829 нысаны жария етілді - Қаржы министрлігі
Қазақстанда сомасы 39,2 млрд. теңгеге 3829 нысан жария етілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі.