26.12.2014
Қазақстан Парламенті «Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы туралы» заңды қабылдады
Қазақстан Парламенті «Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын қабылдады.
26.12.2014
Қазақстан Парламенті ТМД аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялады
Қазақстан Парламенті «Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау келісімін ратификациялау» туралы ҚР заң жобасын қарауға алды.
26.12.2014
Сенат Қазақстан мен Әзiрбайжан арасындағы азаматтық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және ТЖ туралы келiсiмдi ратификациялады
Қазақстан Парламенті Сенаты пленарлы отырыста Қазақстан Парламенті Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасы үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайдардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
26.12.2014
Қазақстан Парламенті Беларусь арқылы Еуропаға кедергісіз жүк тасымалы туралы заңды қабылдады
Қазақстан Парламенті «2004 жылдың 19 қаңтарындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қабылдады.
26.12.2014
12:00 - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2014 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған брифингтің онлайн көрсетілімі
26 желтоқсан күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен брифинг өтеді.Министр Е.Ыдырысов ведомствоның 2014 жылғы жұмысының қорытындысымен таныстырады.