26.12.2014
БҚО-да 2014 жылы ІҚМ басы 457 мыңды құрады
Батыс Қазақстан облысының 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 457,8 мың басты құрады, деп хабарлады БҚО статистика департаменті.
26.12.2014
Ақтауда мұнай және мұнай өнімдерін сақтау терминалы пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың қорытындысы» жалпыхалықтық телекөпір барысында Ақтаудағы қаланың аймақтық өндірістік аумағында мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын «Аски-Маңғыстау» ЖШС терминалының жаңа нысаны пайдалануға берілді.
26.12.2014
ҰКП адал тасымалдаушылар мен импортшылар тізімін дайындауда
Қазірде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кеден одағының сыртқы шекарасын кесіп өту кезінде барынша қолайлы жағдайға ие болуы үшін адал ниетті отандық тасымалдаушылар мен импортшылар тізбесін жасап жатыр, деп хабарлады ҰКП.
26.12.2014
15:00 – ҚХА жылын ұйымдастыру және өткізу Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша брифингтің онлайн көрсетілімі
26 желтоқсан күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтеді.
26.12.2014
Қазақстанға жақында сайланған Түркия Президенті Тайып Эрдоған келеді – СІМ
Жақын арада Түркия Президенті Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары күтілуде. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.