27.12.2014
Қазақстандық әскери ұшқыштар күндізгі және түнгі оқу-жаттығу ұшуларын өткізді (ФОТО)
Әскери ұшқыштар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық әскери бөлімдерде кезекті оқу-жаттығу ұшуларын өткізді. Ұшулар күндізгі және түнгі қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайда жүзеге асты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
27.12.2014
Алматы облысы ҰОС ардагерлеріне ҚР Президенті атынан сыйлықтар берілді (ФОТО)
Бүгін Алматы облысы әкімі Амандық Батталов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Іле ауданындағы ардагерлерге арнайы барып қайтты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
27.12.2014
ҚР Президенті Қазақстан мен Халықаралық банк арасындағы қарыз туралы Келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
27.12.2014
Сенатта АӨК субъектілеріне салық салу мәселесі талқыланды
ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитеті жаңа салық заңнамасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды жоғарғы палата.
27.12.2014
Н.Назарбаев Салық істері Конвенциясын ратификациялау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.