15.01.2015
СҚО-да 2015 жылы АӨК-нің өсімін 7%-ға қамтамасыз ету көзделуде
СҚО-ның 2015 жылға арналған агроөнеркәсiптiк дамыту жоспарының негiзгi мақсаты — өңiрдегi АӨК-нiң 7% өсу көрсеткiштерi мен азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
15.01.2015
Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялады
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
15.01.2015
Ақтөбе облысында ақпараттық топ «Нұрлы жол» Жолдауын түсіндіруде
Ақтөбе қалалық әкімдік жанындағы 24 ақпараттық топ Мемлекет басшысы Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
15.01.2015
Қазақстан Ресей мен Оңтүстік Кореяда этносаралық келісім үлгісін таныстырады
Қазақстандық этносаралық келісім үлгісі Ресей мен Оңтүстік қазақстанда таныстырылады, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталықтың басшысы, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова.
15.01.2015
Этносаралық толераттылық әлемдік ғылыми дискурс түсінігіне сай болуы керек
Этносаралық толераттылық әлемдік ғылыми дискурс түсінігіне сай болуы керек, деп мәлімдеді ҚР БҒМ философия, политология және дінтану институтының бөлім меңгерушісі, философия ғылымдарының доктары Мұхтарбек Шайкемелев ОКҚ-да өткен брифингіде.