15.01.2015
Сенат төрағасы Қ.Тоқаев ҚР-дағы Қытай елшісін қабылдады (ФОТО)
Парламент Сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжана Ханьхуэяны өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
15.01.2015
Қазпочта балалар үйінің тәрбиеленушілерінің салған суреттерінің эскизі бойынша пошта маркаларын айналымға енгізді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті «Қазпочта» Акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 14 қаңтарда «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» тақырыбында «Балалар сурет салады» төрт марка топтамасын айналымға енгізу салтанатын өткізді, деп хабарлады ҚР БҒМ.
15.01.2015
Г.Әбдіқалықова БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Бүгін Астанада ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивенн Туллмен кездесті.
15.01.2015
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар басталып кетті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына100 жыл толуына орай «Көркем әдебиеттегі тарихи шындық» атты жиын басталды.Шара Елбасының тапсырмасымен биыл кең көлемде аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына да арналып отыр.
15.01.2015
ШҚО-да 2015 жылы ИИД МБ аясында 12 инвестжоба жоспарланған
Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниял Ахметовтың төрағалығымен индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Индустрияландыру картасына енгізілуі ұсынылған бірқатар инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.