15.01.2015
Қазақстанның Дубайдағы Бас консулы А.Исағалиев өз қызметіне кірісті
Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Арман Исағалиев БАӘ Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы офисінің басшысы Хамад Саид әл-Шамсиге консулдық патентті тапсырып, өз қызметіне кірісті.
15.01.2015
ШҚО-да тантал-қалайы кендерін өндіру және байыту фабрикасын қайта іске қосу жоспарлануда
ШҚО-да облыс әкімдігінің Инновациялық-индустриалды даму бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында Ұлан ауданының Огневка ауылындағы тантал-қалайы кендерін өндіру және байыту фабрикасын қайта жаңғырту және автоматтандыру жобасы таныстырылды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
15.01.2015
Г.Әбдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ерекше үлесін қосып отырғандығын атап өтті
Бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Туллмен кездескен Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова екі тарап арасындағы серіктестіктің аса жоғары деңгейде екенін жеткізді.
15.01.2015
Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді құқықтық базасы жасақталған – БҚО әкімі
БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиынға Ассамблея кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент басшылары, аудан әкімдері мен орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдері мен ішкі істер қызметкерлері, жергілікті атқарушы құрылым өкілдері - барлығы 170-тей адам қатысты, деп аймақ басшысының әкімдігінен хабарлады.
15.01.2015
Шығыс Қазақстан белсенділері ҰОС ардагерлері отбасыларына көмек көрсетті
Семей қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» шарасы өтті, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.